О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

678-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
Осы бөлімде белгіленген жағдайларда салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің біреуін:
1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды: патент негізіндегі арнаулы салық режимін; оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін; тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін; арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;
1-1) бөлшек салықтың арнаулы салық режимін;
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін: шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін; ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
2. Дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 686-2-бабының 4-тармағында және 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда бір мезгілде екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
3. Патент жеке табыс салығын төлеу фактісін (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді растайтын электрондық құжат болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-678/