Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
700-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшеліктері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері бюджетке төлеуге жататын мынадай салықтардың сомасын:
1) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан түскен кіріс бойынша – корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығының (төлем көзінен ұстап қалатын салықтардан басқа) сомасын;
2) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырумен байланысты салық салу объектілері бойынша – әлеуметтік салық сомасын;
3) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша – мүлік салығы, көлік құралы салығы сомасын 70 пайызға азайтуға құқылы.
2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту:
1) осы Кодекстің 305-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде;
2) осы Кодекстің 313-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған кірістерге де қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды есептеуді осы арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бірыңғай төлемге енгізілген сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бірыңғай төлем сомасын есептеу, төлеу осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-700/