Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
707-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын тапсыру мерзімдері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 727. Сроки представления декларации и уплаты налогов
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1.Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) бірыңғай төлемнің
есептелген сомалары көрсетіледі.
2.Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-707/