О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

712-1-бап. Жалпы ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 728. Общие положения орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай келісім жасауға уәкілеттік берген мемлекеттік органмен салықтар бойынша преференциялар көзделетін инвестициялар туралы келісім жасаған;
2) инвестициялар туралы келісімде көзделген қызмет түрі бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын;
3) мыналарды: есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті; акцизделетін өнімдерді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді; лотерея өткізуді; ойын бизнесі саласындағы қызметті; радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті; банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); аудиторлық қызметті; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті; цифрлық майнинг саласындағы қызметті; кредиттік бюролар қызметін; күзет қызметін; азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті; жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін; пайдалы қазбаларды өткізуді, оның ішінде трейдерлер қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын;
4) арнаулы салық режимдерін қолданбайтын заңды тұлға инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жер салығын және (немесе) мүлік салығын есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді ұлғайтуды не корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде азайту мөлшерін өзгертуді көздейтін болса, инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға инвестициялық жоба шеңберіндегі қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді инвестициялар туралы келісім жасалған күні қолданыста болған коэффициенттерді қолдана отырып және (немесе) мөлшерлемелер бойынша айқындайды, сондай-ақ корпоративтік табыс салығын есептеу кезіндегі азайту мөлшерін қолданады. Осы Кодекске арнайы экономикалық аймақтың аумағына импортты немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босатудың күшін жоюды көздейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға мұндай босатуды инвестициялар туралы келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін қолданады.
3. Инвестициялар туралы келісімнің қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік ол жасалған күннен бастап күшін жояды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, салық төлеуші инвестициялар туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы келісім жасалған күннен бастап оны бұзған күнді қоса алғандағы салықтық кезеңдер үшін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
4. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға қызметін арнайы экономикалық аймақты тарату кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асырған жағдайда салық төлеуші салықтар бойынша преференцияларды инвестициялар туралы келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін қолданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-712-1/