О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

725-бап. Төлеушiлер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 760. Плательщики сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың біреуiн:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;
4) геологиялық зерделеуге арналған лицензияны;
5) жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны;
6) кен іздеушілікке арналған лицензияны жасасқан (алған) жеке немесе заңды тұлға қол қою бонусын төлеуші болып табылады. Осы баптың бірiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды. Осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін «конкурс» ұғымы, осы заңнамаға сәйкес өткізілетін «аукцион» ұғымымен бірдей.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-725/