Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
727-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияны қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша қол қою бонусының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қол қою бонусын төлейтін күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілген мөлшерлеме негізге алына отырып есептеледі:
Р/с №
Атауы
Мөлшерлеме АЕК-пен
1
2
3
1.
Барлауға арналған лицензия
100
2.
Өндіруге арналған лицензия
200
3.
Кен іздеушілікке арналған лицензия:
3.1.
берілген аумақтың алаңы 17 000 м2-ге дейін болған кезде
9
3.2.
берілген аумақтың алаңы 17 000 м2-ден 33 000 м2-ге дейін болған кезде
12
3.3.
берілген аумақтың алаңы 33 000 м2-ден 50 000 м2-ге дейін болған кезде
15
4.
Геологиялық зерделеуге арналған лицензия
50
5.
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия
400
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-727/