Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
743-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 778. Ставки налога на добычу полезных ископаемых
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері тіркелген мәнде мынадай шәкіл бойынша белгіленеді:
Р/с
№
Жылдық өндіру көлемі
Мөлшерлемелер,
%-бен
1
2
3
1.
250 000 тоннаны қоса алғанға дейін
5
2.
500 000 тоннаны қоса алғанға дейін
7
3.
1 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
8
4.
2 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
9
5.
3 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
10
6.
4 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
11
7.
5 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
12
8.
7 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
13
9.
10 000 000 тоннаны қоса алғанға дейін
15
10.
10 000 000 тоннадан жоғары
18
Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және
4) тармақшаларында айқындалған тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге
0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.
Шикі газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі
10 пайызды құрайды.
Ішкі нарықта шикі газды өткізу кезінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:
Р/с №
Жылдық өндіру көлемі
Мөлшерлемелер,
%-бен
1
2
3
1.
1,0 млрд. текше м-ді қоса алғанға дейін
0,5
2.
2,0 млрд. текше м-ді қоса алғанға дейін
1,0
3.
2,0 млрд. текше м-ден жоғары
1,5
2. Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз, игерілген санаттарына жатқызылатын кен орындары (кен орындары тобы, кен орындарының бір бөлігі) үшін мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2-параграф. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-743/