Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
776-1-бап. Жалпы ережелер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Салық агенті тиісті декларацияда осы тараудың ережелеріне немесе осы Кодекстің 8-бөлімінің ережелеріне сәйкес жұмыскерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістеріне салық салудың бірыңғай тәртібін дербес өзі айқындайды.
2. Микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, бейрезидент-жеке тұлғаны қоспағанда, жеке тұлғаға жалақы түрінде кіріс төлейтін және бірыңғай төлем құрамында осындай кірістерден жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы тараудың мақсаттары үшін салық агенттері деп танылады.
3. Бірыңғай төлемге төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының төленуге жататын сомалары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.
4. Бастапқы немесе кезекті декларацияда жұмыскерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістеріне салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-776-1/