Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
92-бап. Тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынған тұлға тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады. Бұл ретте мұндай салық төлеуші туралы ақпарат тиісті өтініш ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Салық органдары тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен тұлғаны алып тастауды:
1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда – мұндай мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-92/