НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

102-бап. Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою уәкілетті орган айқындаған тәртіппен (бұдан әрі – шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібі) шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізілімін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Салық органы шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібімен белгіленген тізбеге сәйкес шетелдік компания туралы деректерді енгізеді. Салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілген салық төлеуші шетелдік компаниялар туралы мәліметтер шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Шетелдік компания салық төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қою үшін салық органына салық төлеушіні тіркеу есебіне қою туралы растау хатын (бұдан әрі – растау хаты) шетелдік салық төлеуші компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректерді көрсете отырып ұсынады.
3. Растау хатын шетелдік компания салық органына тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынады. Шетелдік компания салық төлеуші шетелдік компаниялардың тізіліміне енгізілуге жататын деректердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы салық органын деректердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары енгізілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
4. Шетелдік компания тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бірінші төлемді жүзеге асырған күннен бастап салық төлеуші болып танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-102/