Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 135. Порядок рассмотрения запроса о предоставлении
· толық сәйкестік кестесі
1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағдайын немесе ірі кәсіпкерлік субъектісін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық жағдайын негізге ала отырып, соттарда мемлекеттік баж төлеу мерзімін мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы сот актісімен өзгертуді білдіреді.
Мемлекеттік баж төлеу мерзіміне қатысты мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру туралы сот актісінің көшірмесі істі қарау орны бойынша салық органдарына жіберілуі тиіс.
2. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру, егер жеке тұлғаның мүліктік жағдайы немесе заңды тұлғаның қаржылық жағдайы талап қою кезінде мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік бермейтін болса, алайда оны төлеу мүмкіндігі осындай кейінге қалдыру берілген мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, мынадай негіздердің бірі болғанда:
1) дүлей зілзаланың, технологиялық апаттың салдарынан залал келтірілген;
2) жеке тұлғаға жалақы уақтылы төленбеген;
3) жұмыссыз адам ретінде есепке қойылған;
4) жеке тұлғаның ауыр сырқаты болған және үш айдан астам ем алған;
5) заңды тұлғаға берген тауары, орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтері үшін ақша төленбеген;
6) заңды тұлғаның тауарларды өндіруі және (немесе) өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі маусымдық сипатта болған;
7) атаулы әлеуметтік көмек берілген кезде мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру туралы сот актісі шығарылған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте жеке немесе заңды тұлға мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік баж сомасын ішінара және (немесе) мерзімінен бұрын төлеуге құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-135/