Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
173-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 164. Определение объектов налогообложения в отдельных
· толық сәйкестік кестесі
байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау
1. Есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есепке алу құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде, жеке тұлғаның кірісін айқындау кезінде салық органдары жанама әдістер (активтер, мүлік, міндеттемелер, айналым, кірістер, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындайды.
Есепке алуды жүргізу тәртібінің бұзылуы, есепке алу құжаттамасының жоғалуы немесе жойылуы деп салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсыну немесе қалпына келтіру туралы салық органының талаптары негізінде сұратылатын салықтық міндеттемелерді есептеу үшін көрсетілген құжаттардың болмауы немесе салық төлеушінің (салық агентінің) оларды ұсынбауы түсініледі.
Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдісі деп осы Кодекске сәйкес нақты салық пен бюджетке төленетін төлемге қатысты салықтық міндеттемені есептеу үшін қабылданатын активтерді, мүлікті, міндеттемелерді, кірістерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаларын айқындау түсініледі.
2. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық органы салық органдарында бар, оның ішінде салықтық әкімшілендіру бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде алынған, сондай-ақ бақылаудың өзге де нысандары мен кедендік бақылау нәтижелері бойынша алынған салық төлеуші, оның өнім берушілері мен сатып алушылары туралы мәліметтерді пайдалана алады.
3. Салық органдары:
1) банк ұйымдарына;
2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға;
3) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулар мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа салық органдарына;
4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салулар жібереді.
Қажетті ақпарат мынадай көздерден де (құжаттамалық расталған):
1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) көрсеткен қызметтердің құны туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнімнің құны мен көлемі туралы сатып алушылардан;
2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі және айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізатты, энергия ресурстарын және қосалқы материалдарды жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалардан алынуы мүмкін.
Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызмет сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.
4. Салық салуға жататын жеке тұлғаның кірісін жанама әдіспен айқындау жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер бойынша, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттеменің пайда болуына алып келетін уәкілетті органдар (ұйымдар) мен үшінші тұлғалардың деректері бойынша жеке тұлғаға қатысты салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру барысында қолданылады.
5. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстардан аз болса, салық органдары жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама әдісін қолдануға құқылы.
Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер, кірістердің алынғанын, міндеттемелердің пайда болғанын, меншік құқығындағы мүліктің болуын растайтын құжаттар, уәкілетті органдар (ұйымдар) мен үшінші тұлғалардың деректері жеке тұлғаның мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерін растау үшін ескеріледі.
Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-173/