Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
175-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 172. Контроль за подакцизными товарами,
· толық сәйкестік кестесі
Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды
бақылау
1. Салық органы акцизделетін тауарларды бақылауды:
1) өндірушілердің, акцизделетін тауарлар айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың;
2) борышкердің мүлкін өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртібін сақтауы бөлігінде жүзеге асырады.
Салық органы акцизделетін тауарларды бақылауды акциздік бекеттерді орнату арқылы да жүзеге асыра алады.
2. Таңбалауды:
1) акцизделетін тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар;
2) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен;
2) темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жатады.
4. Таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, сәйкестендіру құралдары және (немесе) есепке-бақылау таңбалары жоқ, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін сәйкестендіру құралдары және (немесе) есепке алу-бақылау таңбалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.
5. Міндетті таңбалауға жататын тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу тауарларға салынған сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы ғана жүзеге асырылады.
6. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге экспортталатын;
2) бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін, бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастыруға арналған;
3) уақытша әкелу (рұқсат беру) және уақытша әкету кедендік рәсімдерімен ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін, оның ішінде бірлі-жарым даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;
4) кедендік транзиттеу кедендік рәсімімен ЕАЭО-ның кедендік аумағы арқылы алып өтілетін, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен алып өтілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары;
5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жөнелтетін) темекi мен темекi бұйымдары мiндеттi таңбалауға жатпайды.
7. Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға алкоголь өнімін тиеп-жөнелткен (берген) күні акциз төлеген жағдайда, алкоголь өнімін тиеп-жөнелткен (берген) күні акциз төлеу туралы міндеттемені (бұдан әрі – акциз төлеу туралы міндеттеме) ұсынады.
Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импорты кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені (бұдан әрі – есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме) ұсынады.
8. Есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы импорттаушының міндеттемесі және акцизді төлеу туралы міндеттеме есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
9. Акциз төлеу туралы міндеттеме немесе есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылмаған жағдайда, есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
10. Акциз төлеу туралы міндеттеме және есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме мынадай тәсілдермен:
1) ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша енгізу арқылы;
2) банк кепілдігімен;
3) кепілгерлікпен;
4) мүлікті кепілге қою арқылы қамтамасыз етіледі.
11. Ақшаны уақытша орналастыру шотын астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
12. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шоты алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
13. Төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдай қолданылған кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, өндіруші және (немесе) импорттаушы ақшамен қамтамасыз етілген акцизді төлеу туралы міндеттемені және есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені орындамаған кезде астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.
14. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша уәкілетті органның уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) акцизді төлеу және есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемелердің орындалуы туралы есеп ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Уәкілетті орган мыналарды:
1) толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін;
2) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну тәртібін, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібін және оны қамтамасыз ету мөлшерін белгілейді.
16. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымы осы Кодекстің 179-бабына сәйкес белгіленеді.
17. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра мен сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялықтан бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішті, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отын мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
Акциздік бекет салық органының лауазымды адамдарының арасынан қалыптастырылады.
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Акциздік бекеттің тұрған жері мен құрамын, оның жұмыс регламентін салық органы айқындайды.
18. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының жекелеген акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтауын;
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;
3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын;
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
19. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға;
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде болуға;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлігі құралдарын қарап-тексеруге құқылы.
Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамының акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-175/