НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

201-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қазақстан Республикасында мынадай:
1) салықтар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құн салығы; акциз; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық; көлік құралы салығы; жер салығы; мүлік салығы; ойын бизнесі салығы;
2) бюджетке төленетін төлемдер: мемлекеттік баж; алымдар; мыналар: жер учаскелерін пайдаланғаны; табиғи ресурстарды пайдаланғаны; сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны; қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені; радиожиілік спектрін пайдаланғаны; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені; цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.
2. Қосылған құн салығы, акциздер халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн жанама салықтар деп танылады.
3. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-201/