Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
213-бап. Салық салу ерекшеліктерін қолдану мақсаттары үшін
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 197. Условия передачи имущества в финансовый лизинг
· толық сәйкестік кестесі
мүлікті қаржы лизингіне беру шарттары
1. Осы Кодекстің 337-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және 478-бабын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген шарттарға сәйкес келуге тиіс.
2. Егер осы тармақта және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш немесе одан көп жыл мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай шарттардың біріне сай келсе:
1) мүлікті лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркеп-белгіленген баға бойынша мүлікті сатып алу құқығын беру лизинг шартында айқындалса;
2) қаржы лизингінің мерзімі мүлік берілген күннен бастап үш жылдан асатын болса және қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет ету мерзімінің 75 пайызынан асатын болса;
3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімінде лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 пайызынан асатын болса, қаржы лизингі болып табылады.
Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда, лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке беру танылады, бұл ретте бір мезгілде мынадай талаптар сақталуы:
бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 504-бабында белгіленген бір салықтық кезеңге келуі;
лизинг нысаналарының санына, лизингтік төлемдерге және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталуы;
бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысаналарының жалпы санынан аспайтын көлемде олардың қайталама лизингке берілуі;
қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизинг шарты бұзылған күні төленген, лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда, лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспауы, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспауы;
лизинг нысаналары кемінде үш жыл мерзімге қайталама лизингке берілуі керек.
3. Осы Кодекстің 337-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын және 478-бабын қолдану мақсаттары үшін мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:
1) мынадай:
лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталған;
лизинг алушы-жеке тұлға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде хабарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп жарияланған, оған бірінші, екінші топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе кірістердің болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және (немесе) сот орындаушысы оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе кірістерін анықтау жөніндегі нәтижесіз болған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдаған жағдайда;
лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан лизинг берушіге бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген;
төтенше жағдайлар салдарынан не төтенше жағдай қолданылған кезеңде мүлік бүлінген, жоғалған жағдайлардан басқа, осындай шарттарды жасасқан күннен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер;
2) лизинг шарты қолданылған бірінші жылы сыйақы есепке алынбаған лизингтік төлемдердің сомасы (шарт бойынша және (немесе) нақты) лизинг нысанасы құнының 50 пайызынан астамын құрайтын лизингтік мәмілелер;
3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа, лизинг шартын жасасқан күннен бастап үш жыл өткенге дейін міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы ауысқан лизингтік мәмілелер;
4) лизинг берушіні қайта құру арқылы қайта ұйымдастыру жағдайынан басқа, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші ауысқан лизингтік мәмілелер;
5) қосалқы лизингке беруші мүлікті қосалқы лизинг шарты бойынша қосалқы лизингке алушыға қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-213/