НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

217-бап. Адвокаттың кеңседе адвокаттық қызметті жүзеге асыру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Адвокат адвокаттық кеңседе заң көмегін көрсеткен кезде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте айқындалған тәртіппен тиісінше адвокаттық кеңсенің әрбір адвокатынан есепке алынады және оларға салық салынады.
2. Әрбір адвокат адвокаттық кеңсемен өз атынан, оған кіретін адвокаттардың тапсырмасы бойынша, олардың есебінен және мүдделері үшін жасалған шарттар бойынша жүзеге асырылатын адвокаттық қызмет бойынша өз мүлкін, кірістері мен салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі өз үлесін есепке алуды дербес жүргізеді.
3. Адвокаттық кеңсемен жасалған шарттар бойынша адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындаған мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу, сондай-ақ осындай адвокаттық кеңсеге кіретін әрбір адвокаттың салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адвокаттармен жасалған серіктестік шартында айқындалады. Адвокаттар мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды осындай бөлуді, сондай-ақ салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерді айқындауды әрбір салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асырады. Мұндай бөлудің нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оған адвокаттық кеңседе қызметін жүзеге асыратын барлық адвокат қол қоюға тиіс. Әрбір адвокат мүлікті, талаптарды, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу, сондай-ақ салық салу объектілеріндегі және (немесе) салық салуға байланысты объектілердегі үлестерді айқындау нәтижелері туралы құжатты салықтық тексеру жүргізілген жағдайда салық органдарына ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-217/