НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

241-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған, есепке жазылған кірістері бойынша мiндеттемелер күмәндi міндеттемелер деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша кіріске алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы енгізілмейді. Есепке жатқызудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, күмәнді міндеттемелер салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кірісіне енгізілуге жатады. Осы бапты қолдану мақсатында жұмыскердің кірісі осы Кодекстің 426-бабына сәйкес айқындалады.
2. Күмәнді міндеттеме бойынша кіріс:
1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
3) жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – жұмыскерлердің кірістері есепке жазылған күннен бастап;
4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша: орындау мерзімі айқындалған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемені орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап; орындау мерзімі айқындалмаған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме бойынша тауар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салықтық кезеңде танылады.
3. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 263-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, шегерімге жатпайтын кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-241/