НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

28-бап. Салық салудың ашықтығы қағидаты

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қазақстан Республикасында салық салу салықтық құқықтық қатынастардың барлық субъектілері үшін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, оларды есептеу, төлеу, салықтық тексерулер жүргізу кезінде олардың түсуін бақылау тәртібі туралы ақпараттың ашықтығын, айқындылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейтін ашықтық қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
2. Салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүзеге асырған кезде ашық, объективті және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте әрекет етуге міндетті.
3. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шеңберінде жүзеге асырылатын салық органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша уәжді, айқын және толық түсініктеме алуға құқылы.
4. Салық салудың ашықтығы қағидатының бұзылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау үшін негіз болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-28/