НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

280-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар шегерімге жатады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, амортизациялық аударымдар салық төлеуші тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу жөніндегі салықтық тіркелімде белгілеген амортизация нормаларын салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің және топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансына қолдану жолымен I топтың әрбір объектісі бойынша және (немесе) тұтастай алғанда әрбір топ (II, III және IV топтар бойынша) бойынша есептеледі. Салық төлеуші белгілеген мұндай амортизация нормалары амортизацияның мынадай шекті нормаларынан аспауға тиіс: Р/с № Топтың № Тіркеп-белгіленген активтердің атауы Амортизацияның шекті нормасы (%) 1 2 3 4 1. I Мұнай және газ ұңғымаларын, сондай-ақ беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар 10 2. II Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдықтар 25 3. III Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдықтар 40 4. IV Басқа топтарға енгізілмеген тіркеп-белгіленген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары 15
3. Амортизациялық аударымдар:
1) таратылатын заңды тұлғаның таратылатын салықтық есептілігі жасалатын салықтық кезеңдегі;
2) заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруға байланысты тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуы және келіп түсуі жүзеге асырылатын салықтық кезеңде бірігу, қосылу, бөліну және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезіндегі;
3) заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолданудан корпоративтік табыс салығын есептеуге ауысуы жүзеге асырылған салықтық кезеңде осы бөлімге сәйкес осындай ауысу кезіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
4. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркеп-белгіленген активтер бойынша пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде, осы тіркеп-белгіленген активтерді жылдық жиынтық кіріс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдалану шартымен амортизацияның қосарланған нормалары бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуге құқылы. Осы тіркеп-белгіленген активтер пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек есепке алынады. Келесі салықтық кезеңде осы тіркеп-белгіленген активтер тиісті топтың құндық балансына енгізілуге жатады. Осы тармаққа сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілген, пайдалануға алғаш рет енгізілген тіркеп-белгіленген актив үш жылдық кезең өткенге дейін шығып қалған жағдайда, көрсетілген тіркеп-белгіленген актив бойынша жүргізілген шегерімнің осы бапта көзделген амортизацияның шекті нормалары бойынша айқындалған амортизациялық аударымдар сомасынан асып кеткен сомасы амортизацияның қосарланған нормасы қолданылған салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне енгізілуге жатады. Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепке алуда жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен кейінгі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатпайтын тіркеп-белгіленген активтерге ғана қолданылады. Осы тармақтың мақсатында жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай жерасты суларын өндіру құқығын иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды.
5. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, I топтың немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) әрбір объектісі бойынша амортизациялық аударымдарды тіркеп-белгіленген активтерді есепке алу жөніндегі салықтық тіркелімде көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансына немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) құндық балансына қолдану арқылы айқындайды: Р/с № Топтың № Тіркеп-белгіленген активтердің атауы Амортизацияның шекті нормасы (%) 1 2 3 4 1. I Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар 15 2. II Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдықтар 37,5 3. III Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдықтар 60 4. IV Басқа топтарға енгізілмеген тіркеп-белгіленген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары 22,5
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-280/