НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

30-бап. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) адалдығы қағидаты

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асыру адалдығы көзделеді.
2. Салық төлеушінің: салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алуда не салық төлеушінің салықтық есептілігінде көрсетілуге жататын шаруашылық қызмет фактілері (осындай фактілер жиынтығы) туралы, салық салу объектілері туралы мәліметтерді бұрмалау; салық сомасын төлемеу (толық төлемеу) мақсатында мәмілелер жасау; шарт тарапы болып табылмайтын тұлғаның мәміле (операция) бойынша міндеттемені орындауы нәтижесінде салықтық міндеттемені азайтуына жол берілмейді. Салықтық есептілікте салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын төмендету және (немесе) өнім берушінің оларды төлемеуі осы өнім берушімен өзара есеп айырысулар фактісін растамауға бірден-бір негіз бола алмайды.
3. Егер уәкілетті органның алдын ала алынған жазбаша жеке-дара түсіндірмесіне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) орындаған салықтық міндеттеме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндірме жіберілсе, онда салық төлеушінің есебіне айыппұлдар мен өсімпұлдар жазылмай, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде салықтық міндеттеме түзетілуге (түзеуге) жатады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын салықтық міндеттемені орындауға байланысты бұзушылық салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталуға тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын дәлелдерді негіздеу және мән-жайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі. 5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі. 6. Салықтық міндеттемелерді айқындаған кезде, заңды күшіне енген сот актісінің немесе қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулының негізінде пара және (немесе) өзге де заңсыз материалдық сыйақы деп танылған, қылмыстық құқық бұзушылық (әрекет) нәтижесінде алынған (келтірілген) активтерді, кірістер мен шығыстарды есепке алуға жол берілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-30/