НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

310-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын түзету

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы (Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа) мынадай сомаға азайтылады:
1) пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кірісті қоса алғанда, табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін жер қойнауын пайдаланушы алған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшартқа байланысты кірістер, сондай-ақ өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізілген активтердің шығып қалуынан түскен кірістер;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын немесе оның бір бөлігін өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар осы келісімшарт бойынша өткізуден алынған кірістер;
3) өзге заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде берілген кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топта ескерілген активтердің құны. Бұл ретте мұндай құн заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны негізінде айқындалады;
4) беру күніндегі жер қойнауын пайдаланушының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша осындай активтердің баланстық құнынан кем емес мөлшерде аталған активтерді өзге тұлғаға қабылдау-беру актісінде көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топта ескерілген өтеусіз берілген активтердің құны.
2. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша (құрлықтағы газ жобаларынан басқа) осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген активтер құны түріндегі шығыстар сомасы осы Кодекстiң 305-бабының 5-тармағында белгiленген бұрын қолданылған шартты коэффициент ескерiле отырып айқындалады.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызмет аяқталған жағдайда, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының шамасын жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша салықтық есепке алудағы шегерімдерге жатқызуға құқығы бар. Салықтық кезеңнің соңындағы осы топтың мөлшері нөлге тең болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-310/