НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

339-бап. Кәсіпкерлік қызметтен болатын залал

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған теріс мән кәсіпкерлік қызметтен болған залал деп танылады. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңдегі кәсіпкерлік қызметтен болған залал қоса алынатын келесі он салықтық кезеңге қатарынан ауыстырылады және осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеледі. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есепті және есепті салықтық кезеңнің алдындағы екі салықтық кезеңде туындаған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар сомасына азаяды. Осы Кодекстің 235-бабында айқындалған салық салу объектілері есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдерде есепке алынған залалдар есепке алынбайды.
2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы алған кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-339/