НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

376-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Зейнетақы төлемдері түріндегі, салық салынуға жататын кіріске мыналар жатады:
1) жеке тұлғалардың зейнетақы жинақтарынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, оның ішінде жасы бойынша, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төленуін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақылар;
4) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдері;
5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-376/