НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

38-бап. Салықтық қатынастарда өкілдік ету

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға:
1) жеке тұлғаның заңды өкілі;
2) уәкілетті өкіл, оның ішінде оператор арқылы қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкілінің болуы құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-38/