НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

393-бап. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

қолданатын дара кәсіпкердің салық салынатын және салық алынатын кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің Салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады: дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі алу корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің  337-бабында белгіленген салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту алу осы Кодекстің 339 – 342-баптарында корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында белгіленген тәртіпке ұқсас тәртіппен айқындалған және ауыстырылатын залалдар.
2. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады: корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі кірісі қосу (алу) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 255-бабында белгіленген жылдық жиынтық кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкердің кірісін түзету және корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 256-бабында белгіленген кірістерді түзетулер алу корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 27 – 31-тарауларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, 257 – 287-баптарында белгіленген, шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер қосу (алу) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген, шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдерді түзету.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-393/