НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

400-бап. Салық салуға жататын кірісті азайту жөніндегі жалпы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

ережелер
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісі мынадай кірістерге азаяды:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
2) агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
3) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
4) Қазақстан Республикасында құрылған резидент-заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс. Осы тармақша мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде қолданылады: акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді; осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды; жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады. Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждықтары үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды. Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 687-бабына сәйкес айқындалады;
5) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаның кірістерін қоспағанда, эмитенті резидент-заңды тұлға болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде мынадай: борыштық бағалы қағаздарды өткізу күніне салық төлеуші осы борыштық бағалы қағаздарды үш жылдан астам иеленеді; осындай эмитент-заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды; жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі осындай эмитент-заңды тұлға активтерінің құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады деген шарттар бір мезгілде орындалған кезде құн өсімінен түсетін кірістер. Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждықтары үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлғалар) мүлкінің эмитент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 687-бабына сәйкес айқындалады.
6) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен осы қор биржасының ресми тізімдерінде өткізілген күні тұрған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
7) цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен кірісі айқындалған цифрлық активтерді өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
8) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;
9) салық агенті болып табылмайтын тұлғадан гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
10) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық жұмыскерлердiң ресми кірістері;
11) кірісі салық салуға жататын шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі шетелдiктердің ресми кірістері;
12) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен төленетiн шетел валютасындағы ресми кірістері;
13) Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасына сәйкес алынған алименттер;
14) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
15) заңды күшіне енген сот актісі бойынша берілген материалдық залалды, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомалары;
16) он алты жасқа толмаған балаларға арналған балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;
17) осы Кодекстің 429-бабында көрсетілген жұмыскердің кірісі;
18) осы Кодекстің 430-бабында көрсетілген сыйақылар;
19) осы Кодекстің 431-бабында көрсетілген біржолғы зейнетақы төлемдері, зейнетақы төлемдері;
20) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген бюджет қаражаты есебінен төлемдер;
21) осы Кодекстің 433-бабында көрсетілген өтеусіз алынған мүлік;
22) осы Кодекстің 434-бабында көрсетілген оқуға байланысты стипендиялар, төлемдер және өтемақылар;
23) осы Кодекстің 435-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдері;
24) осы тармақтың 1) – 23) тармақшаларында көзделмеген және осы Кодекстің 436-бабында көрсетілген кірістер.
2. Егер жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісінен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш жүгінуіне байланысты жеке тұлғаның кірісіне қатысты салық агенті жеке тұлғаның осындай кірісін осы баптың 1-тармағының 12) – 24) тармақшаларында көзделген кіріске азайтпаса, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне салық салуға жататын кірістерді салық агентінің қайта есептеуіне негіз болған өтініш пен растаушы құжаттарды төлем жүргізілген күнтізбелік жылдың және одан кейінгі күнтізбелік жылдың ішінде ұсынуға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-400/