НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

409-бап. Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді дербес

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

қолдану ерекшеліктері
1. Жеке тұлға салықтық шегерімдерді қолдану құқығын растайтын құжаттар негізінде әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімін және әлеуметтік салықтық шегерімді қолданады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.
2. Салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде қолданылмаған салықтық шегерімнің сомасын жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі дербес ескереді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-409/