НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

469-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу
1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады. Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге қатысты қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авиакомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады;
2) әуе кемесі шет мемлекеттің шекарасын кесіп өтетін әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады;
3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің бар-жоғына қарамастан, тасымалды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері: екі немесе одан көп мемлекеттің аумағында; егер басқа мемлекеттің аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекеттің аумағында орналасқан әуе тасымалы халықаралық әуе тасымалы деп танылады. Егер Қазақстан Республикасының аумағы жөнелту және межелі пункттер болып табылса, осы тармақшаның үшінші абзацының ережесі қолданылмайды.
3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты; тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі). Бұл ретте өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: тіркелген мемлекеті көрсетіле отырып, авиакомпанияның атауы; әуе кемесінің болжамды қону күні. Форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды. Осы тармақшаның мақсаттары үшін: Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады; тұрақты болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу) тұрақты емес рейс (ұшу) деп танылады;
2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанар-жағармай құюға арналған шығыс ордері немесе талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: авиакомпанияның атауы; құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері; әуе кемесіне май құйылған күн; әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің тиісті қызметінің жанармай құюды жүзеге асырған қызметкерінің қолтаңбалары. Осы тармақшаның ережелері ЕАЭО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде қолданылмайды;
3) әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы. Бұл ретте ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымның қызметшісі осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-469/