НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

5-бап. Салықтық берешекке байланысты ұғымдар

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Салықтық берешекке байланысты ұғымдар:
1) бересі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің есептелген және есепке жазылған, мерзімінде төленбеген сомалары;
2) өсімпұлдар – мерзімі өткен әрбір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қолданыста болатын базалық мөлшерлемесіне еселенген мөлшерде есептелетін және мыналарға: бюджетке төлеу күнін қоса алғанда, төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімінен кейінгі күннен бастап салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, оның ішінде аванстық және (немесе) ағымдағы төлемнің салық төлеушінің (салық агентінің) мерзімінде төлемеген сомасына; төленген және (немесе) артық төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің сомасына және (немесе) қайтару күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін салық органы бұзған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына есепке жазылатын ақшалай сомалар. Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің осы тармақшада көзделген еселенуі: деңгейлес мониторингке қатысушы үшін – 0,65; өзге салық төлеушілер (салық агенттері) үшін – 1,25 құрайды.
3) салықтық берешек – бересі сомасы, өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген айыппұлдар сомасы салықтық берешекке қосылмайды;
4) салықтық берешектің шекті мөлшері – уәкілетті орган айқындаған салықтық берешектің мөлшері, ол асып кеткен кезде салық органы салық төлеуші заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға осы Кодекстің 86 және 87-баптарында және 185, 186, 187, 188 және 189-баптарында көзделген салықтық міндеттемені қамтамасыз ету тәсілін және (немесе) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады. Салықтық берешектің шекті мөлшері салықтық міндеттемені қамтамасыз етудің әрбір тәсілі және (немесе) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың әрбір шарасы үшін жеке-жеке тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 20 еселенген мөлшерінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-5/