Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
509-бап. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу
1. Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдық;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теңіз кемелері;
6) теміржол локомотивтері мен вагондар;
7) осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер;
8) асыл тұқымды мал және қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;
9) тірі ірі қара мал бойынша осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар енгізіледі.
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:
1) одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржы лизингіне беруге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына:
1) осы Кодекстің 530-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;
2) тауарды ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші қосымша позициясына жатқызуға мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары жазылған құжаттарды ұсынады. Қажет болған кезде бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Пайдаланудың міндетті кезеңі ішінде осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде тауарларды әкелу кезіндегі қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазылып төленуге жатады. Әкелінген тауарларды пайдаланудың міндетті кезеңі Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен басталған мерзім болып табылады:
импортталған тауарлар бойынша (ауыл шаруашылығы құстарын қоспағанда) – бес жыл;
ауыл шаруашылығы құстары бойынша – 18 ай.
Бұл ретте:
1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрліктен сою және (немесе) осындай мәжбүрліктен сою нәтижесінде алынған ет пен ет өнімін өткізу немесе осындай жануарлардың табиғи кему нормалары шегінде кемуі (қырылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
Малды мәжбүрліктен сою тәртібі мен табиғи кему нормаларын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
2) осы Кодекстің 516-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару;
3) көрсетілген тауарды қалпына келтіру мүмкін емес екенін растайтын құжат болған кезде авария, апат және (немесе) ақау салдарынан тауардың шығуы (есептен шығарылуы) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
6. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады.
7. Осы баптың ережелері сыйақы сепке алынбаған, лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-509/