НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

512-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Мыналар ЕАЭО-да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
1) осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар;
2) тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар: резидент – заңды тұлға; егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылса, резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; егер резидент-заңды тұлға мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, осындай заңды тұлғаның тиісті шешімі негізінде резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға; Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға; қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға; сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттайтын сенімгерлік басқарушылар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер; жеке практикамен айналысатын, нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметті, медиатордың кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын тұлғалар; кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-512/