Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
533-бап. Тауарларды импорттау кезінде төленген қосылған
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 459. Порядок корректировки сумм налога на добавленную
· толық сәйкестік кестесі
құн салығының сомаларын түзету тәртібі
1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін оларды ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілмейді.
2. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарылған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер кері қайтарып алынған өтініштің орнына ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште көрсетілуге тиіс.
3. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарылған кезде осындай тауарлар бойынша ұсынылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш осы Кодекстің 532-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өшіріп тастау әдісімен кері қайтарып алынады.
4. Осы баптың мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жинақта болмауы себебінен қайтарылуға жататын импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;
2) тауарды қабылдау-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);
3) көліктік (тауарға ілеспе) құжаттар (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);
4) жою актілері (тауарлар жойылған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері қағаз жеткізгіште салық органына осы Кодекстің 530-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде ұсынылады.
5. Мыналарға қосылған құн салығы салынбайды:
1) табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде салық төлеуші шеккен тауарлардың шығыны;
2) тауарлардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан туындаған бүлінуі.
Осы баптың мақсаттары үшін салдарынан тауардың жойылуы немесе жоғалуы орын алған оқиға тауардың шығыны деп түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың бүкіл немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның салдарынан осы тауарды салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдалану мүмкін емес.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-533/