НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

574-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Темiржолдар, оқшаулау белдеулерi, темiржол станциялары, вокзалдар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiржол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiржол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерi балансында бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары балансында бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Радиорелелiк, әуе, кәбілдiк байланыс желілерi балансында бар байланыс ұйымдары үшiн байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-574/