Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
588-бап. Салық төлеушілер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 517. Налогоплательщики
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 526. Налогоплательщики
· толық сәйкестік кестесі
1. Мүлік салығын төлеушілер мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) осы Кодекстің 589-бабында аталған тұлғалар.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі мүлік салығын дербес төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) өздері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер;
Осы тармақшада аталған салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде айқындалған тәртіппен төлейді;
2) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер;
5) осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, келісімшарттық қызмет шеңберінде күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-588/