НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

604-бап. Құнның шекті мөлшерінен асқан кезде салықты

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғалардың осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көзделген, олар бойынша салықтық база құнның шекті мөлшерінен асатын салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Салықты есептеу салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) салық төлеушіде салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына меншік құқығында бар барлық салық салу объектілері бойынша салықтың жиынтық сомасы салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады;
2) салықтық базаға енгізілген әрбір салық салу объектісі бойынша салық сомасы мынадай формула бойынша айқындалады: салықтың жиынтық сомасы * салық салу объектісінің құны/салықтық база.
2. Салық төлеу салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша бюджетке салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-604/