Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
607-бап. Салық мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 536. Ставки налога
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
1) ойын үстелі – айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматы – айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;
3) тотализатор кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
4) тотализатордың электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;
5) букмекерлік кеңсе кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері салықтық кезеңнің 1-іне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-607/