Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
612-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 550. Общие положения о сборах
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу әрекеттері;
2) рұқсат беру құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат беру құжаттары деп рұқсаттарға қатысы жоқ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін келісім мен салық органдары беретін, АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын
шетел
азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжат та түсініледі.
2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу.
3. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алымдар алынады:
1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;
2) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат беру құжаттары (бұдан әрі – автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттеу;
ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;
3) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) арналған рұқсаттар;
4) АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын
шетел
азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжат.
4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
5. Осы Кодекстің 54-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өздерінің тұрған жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-612/