Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
615-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 553. Ставки регистрационных сборов
· толық сәйкестік кестесі
1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады.
2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с №
Тіркеу әрекеттерінің түрлері
Мөлшерлемелер (АЕК)
1
2
3
1.
Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:
1.1.
заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін
6,5
1.2.
саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін
14
2.
Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін және пәтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерінің кооперативін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:
2.1.
мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін
1
2.2.
қайта тіркегені үшін
0,5
3.
Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін және (немесе) олар құрған, осы Кодекстің 322-бабының талаптарына сәйкес келетін ұйымдарды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:
3.1.
тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)
2
3.2.
қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін
1
3. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері:
Р/с
№
Тіркеу әрекеттерінің түрлері
Мөлшерлемелер (АЕК)
1
2
3
1.
Мемлекеттік тіркегені үшін:
1.1.
механикалық көлік құралын (оған қатысты бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені
0,25
1.2.
теңіз кемелерін
60
1.3.
өзен кемелерін
15
1.4.
шағын көлемді флот кемелерін
1.4.1.
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді
3
1.4.2.
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді
2
1.4.3.
өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді
1,5
1.5.
қалалық рельсті көлікті
0,25
1.6.
теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын
0,25
2.
Қайта тіркегені үшін:
2.1.
механикалық көлік құралын немесе тіркемені
0,25
2.2.
теңіз кемелерін
30
2.3.
өзен кемелерін
7,5
2.4.
шағын көлемді флот кемелерін
2.4.1.
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді
1,5
2.4.2.
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді
1
2.4.3.
өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді
0,75
2.5.
қалалық рельсті көлікті
0,25
2.6.
теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын
0,25
3.
Мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:
3.1.
механикалық көлік құралын немесе тіркемені
0,25
3.2.
теңіз кемелерін
15
3.3.
өзен кемелерін
3,75
3.4.
шағын көлемді флот кемелерін
3.4.1.
қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді
0,75
3.4.2.
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді
0,5
3.4.3.
өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді
0,38
3.5.
қалалық рельсті көлікті
0,25
3.6.
теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын
0,25
4.
Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін:
4.1.
гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары:
4.1.1.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі
0,25
4.1.2.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі
25
4.1.3.
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары
250
4.2.
электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары:
4.2.1.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі
0,25
4.2.2.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі
50
4.2.3.
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары
500
4.3.
М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштарды қоспағанда):
4.3.1.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі
0,25
4.3.2.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі
240
4.3.3.
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейінгі
350
4.3.4.
шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары
2500
4.4.
N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар):
4.4.1.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі
0,25
4.4.2.
шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі
240
4.4.3.
шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейінгі
350
4.4.4.
шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан жоғары
2500
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-615/