НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

617-бап. Жалпы ережелер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) мемлекет: жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға); Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.
2. Жер учаскелерiн және жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленедi.
3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында – жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде өздерінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәлiметтерді ұсынады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың жеке кодтары туралы мәлiметтерді ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-617/