Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
62-бап. Салықтық міндеттемені орындау
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 36. Исполнение налогового обязательства
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 56. Прекращение налогового обязательства
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 58. Исполнение налогового обязательства ликвидируемого
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 63. Исполнение налогового обязательства постоянного
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өзі дербес жүзеге асырады.
2. Салық төлеуші салықтық міндеттемені орындау үшін мынадай әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркеу есебіне тұрады;
2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салықтық база мен салықтық мөлшерлемелерді негізге ала отырып, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомаларын есептейді;
4) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептейді;
5) салықтық нысандарды және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және салық органдарына ұсынады;
6) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомаларын, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған сомаларын төлейді.
3. Салықтық міндеттемені орындау үшін салық агенті мынадай әрекеттер жасайды:
1) төлем көзінен ұсталатын салықтардың сомаларын есептейді;
2) салықтық есептілікті және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және салық органдарына ұсынады;
3) төлем көзінен ұсталатын салықтардың есептелген және есепке жазылған сомаларын ұстайды және аударады;
4) әрбір салық төлеуші бойынша есепке жазылған және төленген кірістердің, төлем көзінен ұсталатын, ұсталған және бюджетке аударылған салықтарды есепке алуды жүргізеді;
5) осы Кодексте көзделген жағдайларда өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған сомаларын төлейді.
4. Салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені, Қазақстан Республикасының заңнамасында төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютамен төлеу тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындайды.
5. Салық төлеушінің салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі, сондай-ақ салық агентінің салықты аудару (төлеу) бойынша салықтық міндеттемесі:
1) қолма-қол ақшасыз нысанда:
банк ұйымы міндеттеме сомасына төлем тапсырмасын орындауға алған;
төлем жүзеге асырылған, оның ішінде осы тармақшаның екінші абзацында көзделмеген төлем құралы арқылы есепке жатқызу арқылы жүзеге асырылған күннен бастап;
2) қолма-қол ақша нысанында – көрсетілген сомаларды:
банк ұйымдарына;
уәкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып есептеледі.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген ережелерге қарамастан, салық агенті салықты ұстап қалу арқылы орындайтын, салық төлеушінің салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалды деп есептеледі.
Салық агенті салықты ұстап қалмай өз қаражаты есебінен орындайтын салық төлеушінің ұстап қалуға жататын салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемесі осы баптың 5-тармағына сәйкес орындалды деп есептеледі.
7. Салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені және әлеуметтік міндеттемені орындау кезінде ақша жөнелтуші төлем құжаттарында салық төлеушінің тегін, атын және әкесінің атын немесе атауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
8. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме осы Кодекске сәйкес есепке жатқызу жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
9. Осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындалатын күн салықты, бюджетке төленетін төлемді, әлеуметтік төлемді, өсімпұлдарды және айыппұлды төлеу күні деп танылады.
10. Салықтық берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі:
1) бересі сомасы;
2) есепке жазылған өсімпұлдар;
3) айыппұлдар сомасы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-62/