НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

624-бап. Салықтық есептілік

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 600-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері алып жатқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша төлемақы төлеушілер, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ дара кәсiпкерлерді қоспағанда, салық органдарына:
1) жер учаскесінің тұрған жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) жер қойнауы учаскесінің тұрған жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесіне төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
3. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
4. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-624/