Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
637-бап. Төлемақы төлеушілер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші деп таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша шаруа және фермер қ қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-637/