Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
640-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 570. Порядок исчисления и уплаты
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 577. Порядок исчисления и уплаты
· толық сәйкестік кестесі
1. Төлемақы сомасын:
1) I және II санаттардағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 638-бабында көрсетілген салық салу объектілерін және осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
2) ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер осы Кодекстің 638-бабында көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып есептейді;
3) салық органдары осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осы Кодекстің 638-бабында айқындалған салық салу объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша анықталған декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып есепке жазады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес төлемақы сомасы есепке жазылған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 636-бабының 3-тармағында көзделген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама шығарады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында ең үздік қолжетімді техникаларды ендіру мен қолдануды ынталандыру, қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсер ету деңгейінің алдын алу немесе оны төмендету мақсатында кешенді экологиялық рұқсат, оның ішінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақыны есептеу кезінде төлеушілер мынадай коэффициенттерді:
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде, стационарлық көздерден және ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 639-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап онда белгіленген нормативтер шегінде ластаушы заттардың шығарындылары үшін осы Кодекстің 639-бабының 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап лимиттер шегінде және өндіру мен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру және көму кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес қалдықтарды көмгені үшін осы Кодекстің 639-бабының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін;
кешенді экологиялық рұқсат берілген күннен бастап көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі лимиттер шегінде және күкіртті түзу және орналастыру кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін осы Кодекстің 639-бабының 13-тармағында көзделген төлемақы мөлшерлемелеріне – 0 коэффициентін қолданады.
3. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,6;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,86;
осы Кодекстің 639-бабының 12-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,1;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 2, 5, 7, 10 және 13-тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерге – 2;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша, сондай-ақ ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,43;
осы Кодекстің 639-бабының 12-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 12-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.
4. 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 1,2;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 1,72;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 1) тармақшасында, 11-тармағының 1) тармақшасында және 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 4;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша, сондай-ақ ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында және 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,43;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 1) тармақшасы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.
5. 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 2,4;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 3,44;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында және 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 8;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – электр өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,6;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,86;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,1;
полигондардың операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,4;
өзге де төлеушілер:
Осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында және 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 2;
3) ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 7-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,43;
осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады;
6. 2034 жылғы 1 қаңтардан бастап 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін жекелеген төлеушілер кешенді экологиялық рұқсат қолданылмайтын, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер бойынша төлемақы сомасын есептеген кезде төлемақының тиісті мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2021 жылдың 1 қаңтарына ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі, I санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 2,4;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 3,44;
осы Кодекстің 639-бабы 11-тармағының 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,4;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында және 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 8;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген объектілерден басқа, І санаттағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 1,2;
осы Кодекстің 639-бабының 9-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,72;
осы Кодекстің 639-бабының 11-тармағы 2) тармақшасы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2;
полигондардың операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 11-тармағы 2) тармақшасы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,8;
өзге де төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 3-тармағының 2) тармақшасында, 5-тармағында, 8-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында және 13-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 4;
3) ІІ және ІІІ санаттардағы объектілер бойынша:
коммуналдық қызметтер көрсету кезінде – табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын төлеушілер, электр энергиясын өндіру кезінде – энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын төлеушілер:
осы Кодекстің 639-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,3;
осы Кодекстің 639-бабының 7-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,43;
осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,05;
полигондар операторлары болып табылатын және коммуналдық қалдықтарды көмуді жүзеге асыратын төлеушілер:
жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзетін тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін осы Кодекстің 639-бабының 10-тармағы кестесінің 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге – 0,2.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген коэффициенттер І және ІІ санаттардағы объектілер бойынша төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге немесе ІІІ санаттағы объектілер бойынша декларацияларда көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер ететін көлемдерге қатысты қолданылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында, ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан пайда болған радиоактивті қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың төлемақы сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 639-бабы 10, 11 және 12-тармақтары кестесінің 1.2.6.1, 1.2.6.2 және 1.2.6.3-жолдарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне 0 коэффициенті қолданылады.
8. Жиынтық жылдық көлемде төлемдерінің көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейін І және ІІ санаттардағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер рұқсат беру құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға теріс әсер ету нормативтерін немесе лимиттерін сатып алуға құқылы. Нормативтерді немесе лимиттерді сатып алу ағымдағы жыл үшін толық алдын ала төлем жасалып, рұқсат беру құжатын ресімдеу кезінде есепті салықтық кезеңнің 20 наурызынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат беру құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүргізіледі.
9. Төлемақы сомасы, ластаудың жылжымалы көздерін қоспағанда, рұқсат беру құжатында көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ету көзінің (объектінің) тұрған жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластаудың жылжымалы көздері бойынша төлемақы сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша, оның ішінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (егер оған салықтық міндеттемені орындау жүктелсе) тұрған жері бойынша енгізіледі.
10. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлеушілерді қоспағанда, төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер етудің іс жүзіндегі көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.
11. І санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі осы тармақтың мақсаттарында – бағдарлама) қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіштеріне қол жеткізу графигінде белгіленген мерзімге, маркерлік ластаушы зат бойынша қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендету көрсеткіші шамасының 30 пайызынан аз осындай көрсеткішке қол жеткізілмеген жағдайда, көрсетілген заттың эмиссиясына қатысты төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 2-тармағында көзделген коэффициент теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендетудің белгіленген көрсеткішіне қол жеткізілмеген жылдың алдындағы салықтық кезеңнен бастап және осындай көрсеткішке қол жеткізілген күнге дейін осы баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген тиісті коэффициенттің мәніне ие болады.
I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсатқа бағдарламаны орындау мерзімі аяқталған күнге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 30 және одан аз пайызы бойынша белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген жағдайда, төлемақы сомасын есептеу мақсатында осы баптың 2-тармағында көзделген коэффициенттер белгіленген технологиялық нормативтерге қол жеткізілмеген маркерлік ластаушы заттар эмиссияларына қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген тиісті коэффициенттердің мәндеріне ие болады.
I санаттағы объектіге қатысты бағдарламаны орындау шартымен және оны орындау кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша берілген кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарып алынған, одан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда, төлемақы сомасын есепке жазу мақсатында осы баптың 2-тармағында көзделген коэффициенттер осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, төлемақы алынатын I санаттағы осы объект бойынша қоршаған ортаға теріс әсердің барлық түрі бойынша кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап тиісті жылдар үшін осы баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген тиісті коэффициенттердің мәндеріне ие болады.
Бұл ретте, егер бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге маркерлік ластаушы заттардың жалпы санының 70 және одан көп пайызы бойынша қол жеткізілсе, осы тармақтың үшінші бөлігі бағдарламаны орындау шеңберінде технологиялық нормативтерге көрсетілген күнге дейін қол жеткізілген I санаттағы объектіге қатысты берілген кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарып алынған, одан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған күнге дейін жүзеге асырылған маркерлік ластаушы заттардың эмиссияларына қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес туындаған және есепке жазылған төлемақы сомасына осы баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген коэффициенттер қолданылған күннен бастап осы Кодексте айқындалған мөлшерде өсімпұлдар есепке жазылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-640/