Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
646-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат беру құжаттарында көрсетілген техникалық өлшемдерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түріне және радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай жылдық төлемақы мөлшерлемелерінің негізінде есептейді.
2. Егер салықтық кезеңде радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлумен және бір жылда радиожиілік спектрі пайдаланылған нақты кезең айларының тиісті санына көбейтумен айқындалады.
Бұл ретте радиожиілік спектрін пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер рұқсат беру құжатының негізінде радиожиілік спектрін пайдалану құқығы салықтық кезең басталатын күні қолданыста болса (туындаса) немесе осындай құқық туындаған айдың 1-інен бастап осындай құқық тоқтатылатын (тоқтатылған) айдың 1-іне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер осындай құқық салықтық кезең аяқталатын күні болса (қолданыста болса) айқындалады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазып береді және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған жағдайда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірілмей төленеді.
Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру құжаты жоғарыда санамаланған төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алынған жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарлама алынғаннан кейінгі келесі кезекті төлеу мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы салықтық кезеңдегі алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен қайта бөлінеді.
5. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасының салық төлеушілері ретінде тіркелмеген
шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-заңды тұлғалар төлемақыны радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру құжатында көрсетілген радиожиілік спектрін пайдалануға құқықтың бүкіл қолданылу кезеңі үшін, бірақ осындай рұқсат алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде, кемінде 1 ай бұрын байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның тұрған жері бойынша бюджетке төлейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-646/