Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
648-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 606-1. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы):
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат беру құжаттарымен куәландырылады.
3. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлеушілер, төлемақы салынатын объектiлер, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) осы Кодекстің 652-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 652-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-648/