Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
656-бап. Есептеу, төлеу тәртібі мен төлеу мерзімдері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 596. Порядок исчисления и уплаты
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 602. Порядок исчисления и уплаты
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 606. Порядок исчисления, уплаты и сроки уплаты
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 606-5. Порядок исчисления и уплаты
· толық сәйкестік кестесі
1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:
1) хабарламада көрсетілген;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.
3. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.
4. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-656/