НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

659-бап. Төлемақы мөлшерлемесі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезеңде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 2 теңге мөлшеріндегі мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
2. Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен немесе Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылардан өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия, электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 25 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
3. Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған жағдайларда цифрлық майнинг мақсатында тұтынылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-659/