Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
672-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 623. Порядок уплаты государственной пошлины
· толық сәйкестік кестесі
1. Мемлекеттiк баж:
1) соттар қарайтын істер бойынша – осы Кодекстің 135-бабында көзделген жағдайларды, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті талап қою, әкімшілік талап қою, арыздар (шағымдар) немесе сот бұйрығын шығару туралы арыздар берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
2) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін,
шетел
азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және жол жүру құжатын бергені үшін;
аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;
жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;
3) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжаттарды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергенге дейін;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн апостиль қойылғанға дейiн төленеді.
2. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жатқызылады.
3. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банк ұйымдары арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік баж сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде осындай қабылданған мемлекеттік баж сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей банк ұйымдарына кейіннен оларды бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері АЕК-тің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-672/