НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

677-бап. Консулдық алымды төлеуден босату

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Консулдық алым:
1) осы Кодекстің 667 – 671-баптарында көзделген жағдайларда;
2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан;
3) Қазақстан Республикасымен құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттарды талап етіп алдырғаны үшiн;
4) мыналарға: Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына; қызметтік істер бойынша тысқары жерге шығатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне – Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік немесе ұлттық паспорт иелеріне; Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне; Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерінің немесе жұмыскерінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты тысқары жерге шығатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға визалар беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге нота жасағаны және басып шығарғаны үшін;
5) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы жолданымдарын пысықтағаны және: Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, мемлекеттік органдардың, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне; өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; инвесторлық визалар; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға; өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға визалар беру (визалық қолдау) туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне нұсқама жібергені үшін;
6) мынадай визаларды: Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; халықаралық ұйымдардың қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлеріне; өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына; қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетел азаматтарына – дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне; өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға; шетелде тұрақты тұратын және жақын туыстарының жерлеуіне Қазақстан Республикасына баратын, Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визаларды; инвесторлық визаларды; қызметтік визаларды; дипломатиялық визаларды бергені үшін;
7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;
8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан құжаттары мен ақшасы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен күлі салынған урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәліктер және анықтамалар бергені үшін;
10) өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтінішхаттары бойынша құжаттарды талап етіп алдырғаны үшін;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы талап етіп алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;
12) өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтінішхаттары бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;
13) шетелде уақытша және тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтарына асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-677/