Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
695-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
салық агенті болып табылмайтын тұлғадан
алынған бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен
жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1. Осы баптың ережелерi бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістеріне қолданылады.
2. Бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен жеке табыс салығын есептеу салықтық шегерiмдер жүзеге асырылмай, кірістің есептелген сомасына осы Кодекстiң 682-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент-жеке тұлға салықтық кезең үшін жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-695/